"Әлі де сене алар емеспін!". US Open-2026 чемпионы атанған Рыбакина жеңісіне қатысты өз әсерімен бөлісті

Рыбакина, теннис, US Open-2026, чемпион, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 09:48 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде ІІ-орын) 2026 жылғы US Open турниріндегі жеңісіне қатысты өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Sports.kz басылымы жазады:

"Әлі де сене алар емеспін. Білесіз бе, бұл... бұл дегеніңіз бас айналдырар керемет жетістік. Осында келгенде, әсіресе финалда ойнаған кезде: "Уау, егер бұл жолы қолымнан келсе, шынымен де тамаша болар еді" деген ой басымда жылт еткен еді. "Сонда менде әр түрлі жерлерде өткен үш "Үлкен дуылға" турнирі болар еді. Маған тек алға басу керек. Барлық мақсаттарыма қол жеткізетінімді сеземін, ал сол кезде... сол кезде бұл нағыз қуанышқа айналар еді, түсінесіз бе? Ал қазір қалай дейсіз бе? Әлі де алда атқарылар жұмыс көп екенін және үлкен мақсаттарға ұмтылу керектігімді білемін", - деді Рыбакина.

Айта кетсек, US Open финалында Елена Рыбакина беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен (1-орын) өткен тартысты кездесуде үш сетте басым түсті. Есеп - 6:4, 5:7, 6:2.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: