Қазақстандық әлем чемпионы бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Қазақстандық әлем чемпионы бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 09:26 Сурет: Instagram/aslanbek_shymbergenov
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов рингтегі мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық боксшы спорттағы жолында ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда елеулі жетістіктерге жеткен.

Асланбек Шымбергенов екі рет Қазақстан чемпионы атанды. 2019 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетсе, үш жылдан кейін Азия чемпионы болды. Ал оның спорттық мансабындағы басты жетістігі – 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі.

"Боксқа қайта оралу туралы ой болды. Тіпті жаттығуға қайта кірісіп көрдім. Бірақ болмады. Сондықтан спорттық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Қазір Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубы басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрмін", – деп келтіреді Шымбергеновтің сөзін Sportbugin.kz.

Қазақстандық боксшының еншісінде Азия ойындарының да екі жүлдесі бар. Ол 2018 жылы күміс, ал 2023 жылы қола медаль иеленді. 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түсті.

Бұған дейін Назым Қызайбай маңызды жарыстар алдында үндеу жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: