Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновтің сынына жауап берді

Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновтің сынына жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 13:35 Сурет: Instagram/yeleussinovdaniyar
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен танымал актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде сырттай сөз қағыстырды. Атақты спортшы актерді көпшілік алдында жекпе-жекке шақырған, ал Еркебұлан Тоқтар оған көп күттірмей жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызу талқыға Елеусіновтің Instagram желісіндегі жазбасы себеп болды. Спортшы онда Тоқтарға қатысты ойын ашық айтып, оның жекпе-жектегі қабілеттерін асыра бағалап жүргенін меңзеді.

"Маған Олимпиада чемпиондарын нашар деп санайтын осы "хайпажорды" шақрыңыздар. Маған оны жеңуге раундтың жартысы да жетеді", – деді боксшы.

Еркебұлан Тоқтар көп ұзамай видео түсіріп, танымал спортшының шақыртуына әзілмен жауап берді. Актер өзіне деген мұндай назардың себебін шын мәнінде түсінбегенін айтты.

"Мен бұл бауырыма не істегенімді білмеймін, бірақ ол сұхбаттарында мені бірнеше рет ұратынын айтты. Мүмкін, мені біреумен шатастырып жүрген шығар?" – деді Еркебұлан күліп.

Дегенмен актер рингте кездесуден бас тартқан жоқ. Еркебұлан Тоқтар шақыруды жаттығу кезіндегі спарринг ретінде де, ресми шоу аясындағы жекпе-жек ретінде де қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

"Ол – Олимпиада чемпионы. Өз деңгейіне түсіп, менімен бокс өткізетін адам емес. Бірақ мені принципті түрде ұрғыңыз келсе, келіп, спаррингте жай ғана ұрып көріңіз. Мен үшін бұл ұят емес. Оның үстіне ол – Олимпиада чемпионы әрі қазақ. Ал егер мені бүкіл елдің алдында ұрғыңыз келсе, онда промоутерлерге хабарласып, жекпе-жек ақысын төлеңіздер. Мен шыдауға тырысамын", – деп қорытындылады Тоқтар.

Бұған дейін қазақстандық боксшы, жаттықтырушы әрі ММА спортшысы Мұхит Амантаев IBA Nomad турниріндегі жекпе-жек алдында балағат сөздер айтқан болатын. Осы әрекеті үшін оған айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: