Полиция мас күйінде көлік жүргізген Данияр Елеусіновтің әрекеттерін көрсетті

Полиция мас күйінде көлік жүргізген Данияр Елеусіновтің әрекеттерін көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 17:52 Сурет: видео скрині
Астана қаласының Полиция департаменті қазақстандық танымал боксшы Данияр Елеусінов жасаған жол-көлік оқиғалары болған жерден түсірілген кадрларды көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ видеода оның ұсталған сәті, медициналық куәландырудан өтуі және сот отырысы көрсетілген.

"Бұған дейін хабарланғандай, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару, соның салдарынан көліктерге зақым келтіру, сондай-ақ жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамау фактілері бойынша әкімшілік материалдар жиналды", – деп хабарлады полиция.

Ведомство көлік құралын мас күйінде басқару және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заң талаптарын өрескел бұзу екенін еске салды. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: