Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты

Боксшы Айбек Оралбай жазғы Азия ойындарының «алтыны» үшін жұдырықтасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 16:20 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бүгін, 29 қыркүйекте Жапонияның Айти-Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы боксшылардың жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. Жергілікті рингке алғашқылардың бірі болып Қазақстанның әлем чемпионы Айбек Оралбай көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

90 келіден жоғары салмақта Айбек Үндістан өкілі Нарендермен кездесті. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан бастап жекпе-жек барысын толық бақылауда ұстап, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, 2025 жылғы әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы атанған 26 жастағы қазақстандық боксшы 2 қазанда Азиада-2026-ның "алтын" медалін сарапқа салатын болады.

Қазақстанның өзге боксшылары финалға берілетін жолдамаларды ертең сарапқа салады.

29 қыркүйекте Қазақстан құрамасының қоржыны Азия ойындарында тағы екі қола медальмен толықты.

Арайлым Шегенова кураштан үшінші орын алды. Ол шешуші белдесуде кореялық Минён Кимнен 0:1 есебімен жеңілді.

Боксшы Айбек Оралбай жазғы Азия ойындарының , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 16:20

Сурет: telegram/olympickz

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы стенд атудан "трап" бағдарламасындағы командалық жарыстың финалына қатысып, 348 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.

Бұл спорт түрінде Қазақстан намысын Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов қорғады.

Бір күн бұрын Қазақстанның тағы бір әлем чемпионы, ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы алғаш рет Азия ойындарының жүлдегері атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: