Қазақстандық гимнастар көпсайыстан Азия ойындарының финалына жолдама алды

Қазақстандық гимнастар көпсайыстан Азия ойындарының финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 19:27 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева барлық қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 111,35 ұпай жинады. Отандасымыз шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,60, доппен 27,30, ұршықтармен 27,75, таспамен 27,70 ұпайға ие болды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Оның жалпы ұпайы – 106,55. Гимнаст шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,65, доппен 26,55, ұршықтармен 24,85 және таспамен 27,50 ұпай жинады.

Жекелей көпсайыстың финалына іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен он гимнаст жолдама алды.

Бұл бағдарламадағы жүлделер 3 қазанда сарапқа салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: