China Open-2026: Александр Бублик финалға өте алмады

Александр Бублик, China Open-2026, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 15:23 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Бейжіңдегі ATP-500 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Александр Бублик пен қытайлық Шан Цзюнчен 4:6, 4:6 есебімен нидерландтық Сандер Арендс пен Давид Пельге есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық-қытайлық жұптың жартылай финалға дейін жетуінің өзі сенсацияға баланады. Рейтинг бойынша олар Қытай Ашық чемпионатына қатысушылар қатарына алынбаған болатын. Алайда ұйымдастырушылардан арнайы шақыру (уайлд-кард) алған олар финалға да шығып кете жаздады.

62 минутқа созылған матчта Нидерланд жұбы жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 6:4. Жеңімпаздардың ұтыс ұпайлары бойынша басымдық айқын байқалды – 64:42.

Күні кеше әйелдер арасындағы China Open-2026 жарысынан Елена Рыбакина шығып қалды. Екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы 188-орындағы ойыншыға есе жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: