Қазақстандық семсерлесушілер Ресейді жеңіп, әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Командалық сайыстың финалында қазақстандық шпагашылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысырдан басым түссе, жартылай финалда Францияны жеңді. Сонымен қатар жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да тізе бүктірді.
Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ осы маусымда қазақстандық семсерлесушілер Азия және әлем чемпионы атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript