Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы он медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы он медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 19:25 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы он медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анастасия Калаус әйелдер арасында 4000 метрге жекелей із кесу жарысында күміс жүлдеге ие болды. Дәл осы қашықтықта ерлер арасында Кирилл Ильюкевич қола медальға ие болды.

Дзюдодан Әлфия Тілекқабыл J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Еламан Жоламан ядро серпуден F35 санатында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақта күміске ие болды. Ал ерлер арасында Станислав Шакиев 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені қанжығасына байлады.

Жүзуден Диас Кенжебек S10 санатында 100 метрге еркін стильде жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрама 20 ұпайлық санатта 4х50 метрге кешенді жүзуден аралас командалық сайыста екінші орын алды.

Роман Потапов S11 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзуден қола алды. Виктор Волков S13 санаты бойынша 100 метрге еркін стильде жүзуден үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында үш алтынды қоса есептегенде 15 медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: