Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медальға ие болды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2026 15:31 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің финалына дейін жетіп, Жапония құрамасымен кездесті. Нәтижесінде жапониялықтар 4:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста екінші орын алды.

Бұл бағдарламада ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Меруерт Сәрсенова, Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Дана Әбдірова, Эсмигүл Куюлова, Ерасыл Қажыбаев, Екатерина Токарева өнер көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: