Ига Швёнтек маусымды мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеді
Сурет: Instagram/iga.swiatek
Әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтек биылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz басылымының жазуынша, "Үлкен дулыға" турнирлерінің алты дүркін чемпионы соңғы жылдардағы жарыстардың өзіне ауыр тигенін айтып, күшін толық қалпына келтіру үшін ұзақ демалыс қажет екенін жеткізді.
"Бұл мансабымдағы ең қиын маусымдардың бірі болды. Ол сынақтарға, өзгерістерге және сабақтарға толы болды. Соңғы бірнеше ай, тіпті соңғы екі жыл да өте қарбалас өтті. Демалып, күшімді толық қалпына келтіруім керек екенін сезіп жүрмін. Сондықтан бұл жолы әдеттегіден ұзағырақ демаламын. Қазіргі кезеңде маусымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Демек, биыл енді бірде-бір турнирге қатыспаймын", – деп жазды Швёнтек әлеуметтік желіде.
Бұған дейін польшалық теннисші сол жақ жамбасынан алған жарақатына байланысты Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы ірі турнирден бас тартқан еді.
Сондай-ақ биыл қазанда Швёнтек бапкерін ауыстырып, бельгиялық маман Вим Фиссеттпен жұмыс істей бастаған.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның WTA 500 турнирінде жеңіске бір қадам қалғанда жеңіліп қалғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript