Бублик жарақатына байланысты Almaty Open турнирінің жартылай финалындағы кездесуін аяқтай алмады
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жартылай финалында ресейлік Даниил Медведевке қарсы кездесуін аяқтай алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матч 24 қазанда Алматыда өтті. Қазақстандық теннисші алғашқы сеттен кейін ойынды жалғастырудан бас тартты. Бірінші партия Медведевтің пайдасына 6:3 есебімен аяқталды.
Бубликтің кездесуді жалғастыра алмауына бір күн бұрын Карен Хачановқа қарсы ширек финалдық матчта алған жарақаты себеп болды.
Жартылай финалдық кездесу небәрі 21 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик үш эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді. Ал Медведев тоғыз эйс орындап, екі брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Александр Бублик өз елінде өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Даниил Медведев Almaty Open финалына шығып, грузиялық теннисші Николоз Басилашвилимен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript