Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 17:10 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуандар Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдос 60 келі салмақта ширек финалда әзірбайжандық Балабей Агаевтан жеңілді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Украина өкілі Артем Лесюкті тізе бүктірді.

Дәл осы салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберді.

Осылайша, Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар қола жүлде үшін өзара күш сынасады.

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Искандар Махмадхожазодаға (Тәжікстан) жол берді. Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде отандасымыз әзірбайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: