Азамат Дәулетбеков күрестен әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Грекия өкілі Дәурен Куруглиевпен кездесті.
Нәтижесінде Азамат Дәулетбеков қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ол Грузия балуаны Мириани Майсурадземен күш сынасады.
Айта кетейік, бұған дейін Шамсат Таир (79 келі) 1/8 финалда Беларусь өкілі Магомедхабиб Кадимагомедовке жол берді. Ал Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақтағы алғашқы белдесуінде мексикалық Роман Браво-Янгтан жеңілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript