Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдындағы матчарда құрамын өзгертті

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдындағы матчарда құрамын өзгертті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 10:51 Сурет: kff
Ұлттар лигасы аясындағы матчтарда жарақат алған футболшының орнына ұлттық құрамаға "Елімай" шабуылшысы шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының мәліметінше, Қазақстан құрамасының алдағы УЕФА Ұлттар лигасы матчтары алдында команда құрамында өзгеріс болды. "Астана" клубының шабуылшысы Рамазан Кәрімовтің орнына семейлік "Елімай" командасының форварды Айбар Жақсылықов ұлттық құрамаға шақырылды.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Кәрімов алған жарақатына байланысты алдағы кездесулерде ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. Осыған байланысты жаттықтырушылар штабы оның орнына Жақсылықовты шақыру туралы шешім қабылдаған. Ол ұлттық құраманың өтінімінде елордалық клуб ойыншысын алмастырады.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 2026 жылғы 13 қарашада ұлттық құрама сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, 16 қарашада Словакиямен кездеседі. Екінші ойын Астанада өтеді.

Бұған дейін Босния және Герцеговина құрамасы мен елордалық "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Иван Башичтің алдағы қысқы трансферлік кезеңде басқа клубқа ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын. 24 жастағы футболшыға Англияның "Халл Сити", Италияның "Удинезе" және Францияның "Страсбур" клубтары қызығушылық танытқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: