Бибісара Асаубаева Total Chess турниріндегі алғашқы ұпайларын еншіледі

Бибісара Асаубаева Total Chess турниріндегі алғашқы ұпайларын еншіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 16:22 Сурет: Instagram/bibisarachess
12 қарашаға қараған түні Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесулер барысында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева америкалық Уэсли Сомен екі рет тең түсіп, алғашқы екі ұпайын еншіледі.

Қазіргі уақытта спортшымыз екі ұпаймен D тобында бесінші орында тұр.

"Өз ойыныма көңілім толады. Алайда екі партияның ешқайсысында жеңіске жетуге мүмкіндігім болған жоқ. Жалпы, жаман өнер көрсеткен жоқпын деп ойлаймын", – деді Бибісара Асаубаева.

10 қарашада Асаубаева швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұратын блиц-турнирде қатарынан сегіз партияда жеңіліп, тек Вайшали Рамешбабумен өткен кездесуде тең түскен болатын.

Аталған жарыстың екінші туры 12 қараша күні кешке өтеді. Бұл кезеңде Бибісара Үндістан өкілі Арджун Эригайсимен кездеседі.

Айта кетейік, Total Chess World Championship Tour турнирінің қаржылық мүмкіндігі жоғары. Оның инвесторлары қатарында танымал норвегиялық футболшы Эрлинг Холанд пен шаңғы жарысынан бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы Йоханнес Клебо бар.

2027 жылы өтетін толыққанды турнирдің жүлде қоры кемінде 2,7 млн долларды құрайды.

Ал испаниялық БАҚ өкілдері бұған дейін "Ла Роха" құрамасының басты жұлдызы Ламин Ямальды ұлттық құрама сапындағы ойынына қатысты сынға алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: