"Барыс" бес шайба жіберіп, сырт алаң сериясын сәтсіз бастады

"Салават Юлаев" бес шайба соғып, "Барысты" жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 12:12 Сурет: hcbarys.kz
Астаналық "Барыс" ҚХЛ аясындағы қысқа сырт алаң сериясының алғашқы матчында "Салават Юлаевтан" жеңіліп қалды. Уфада өткен кездесу алаң иелерінің 5:3 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қыркүйектен бері алғаш рет қазақстандық клубтың құрамына ауыр жарақатынан айыққан Мәди Диханбек енді. Сондай-ақ Ансар Шайхмедденов ҚХЛ-дағы 200-ші матчын өткізіп, мерейтойлық кездесуде шайба соқты.

Бірінші кезеңнің ортасына қарай "Салават Юлаев" екі шайбалық басымдыққа ие болды. Уфа командасы сапынан Вадим Шипачев, басымдықты пайдалана алған Девин Броссо және Данил Алалыкин мергендік танытты. Олардың арасында Шайхмедденов қарсылас қақпасына шайба соғып үлгерді.

Екінші кезеңде командалар есеп аша алмады. Ал шешуші үшінші кезеңнің басында Владислав Ефремов аз құраммен ойнап жүріп, алаң иелерінің басымдығын арттырды.

Дегенмен "Барыс" берілмеді. Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли басымдықты екі рет сәтті пайдаланып, есеп айырмасын барынша қысқартты. Алайда астаналықтар есепті теңестіре алмады. Матчтың аяқталуына бір секунд қалғанда Артем Горшков бос қақпаға шайба соғып, ойынның түпкілікті есебін белгіледі – 5:3.

Михаил Кравец шәкірттері келесі матчын 20 қарашада Омбыда "Авангардқа" қарсы өткізеді.

Бұған дейін "Барыс" Уфа мен Омбыдағы сырт алаң ойындарына арналған құрамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: