"Барыс" тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы ойындарын аяқтады

Хоккей, Астана, Барыс, сырт алаң , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 15:29 Сурет: Instagram/barys_official
8 қарашада Қазақстанның "Барыс" клубының ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы сырт алаңдағы ойындар сериясы аяқталды. Астаналықтар сыртта қатарынан тоғыз кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Барыс" командасы соңғы матчын Хабаровскіде өткізіп, жергілікті "Амурға" 0:2 есебімен есе жіберді.

Бұл ойында есеп екінші кезеңнің соңында ашылды. Мұз айдын иелері көпшілік құрамда ойнап, Олег Ли көзге түсті.

Ал матчтың соңғы секундтарында Кирилл Ураков қонақтардың бос қалған қақпасына дөп соққы жасап, кездесудің нүктесін қойды.

Осы жеңістің арқасында "Амур" "Барысты" басып озып, ҚХЛ Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді. Қазір екі команданың да еншісінде 25 ұпайдан бар.

Хабаровскілік ұжым астаналықтарды тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана басып озған.

Өз кезегінде қазақстандық команда қатарынан үш рет жеңіліске ұшырады. Жалпы, олар сырт алаңдағы тоғыз матчтың алтауында сәтсіздікке ұшыраса, үшеуінде жеңіске жетті.

"Барыс" өз айдынында 12 қарашада Владивостоктың "Адмиралын" қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: