Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 17:38 Сурет: IJF
Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан кадеттер арасында Гран-при кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың соңғы күні 90 келіден жоғары салмақта Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, қарсыласына жол берді. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады. Бұған дейін Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) үшінші орын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: