Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:35 Сурет: olympic.kz
Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан 32:29 есебімен басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама чемпионаттағы үш кездесуінің барлығында жеңіске жетті.

Бұған дейін В тобында отандастарымыз Аустралия мен Үндістан құрамаларын ұтқан болатын.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл доданың қорытындысы бойынша үздік төрт команда 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: