Жаңалықтар тізбегі
0

Бұрынғы судья Мейрам Жанғұттинов 5 жылға сотталды

Мейрам Жанғұттинов сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 15:43 Сурет: Zakon.kz
Тергеу қорытындысы бойынша, экс-судьяның 7 мың АҚШ долларын алғаны белгілі болды

Алаяқтық жасауға оқталу фактісі бойынша айыпталған ҚР Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттиновті сот кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновке қатысты алаяқтыққа оқталу фактісі бойынша (ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-2 тармағы) және Л.Тұрғынбаеваға пара бергені үшін (ҚК 367-бабы 3-бөлігі 2 тармағы) айыптау үкімін жариялады.

 М. Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға бола тұрып, (ҚР Жоғарғы сотының судьясы, бүгінде өкілеттігі тоқтатылды), пара алу желеуімен Тұрғынбаевадан (Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының судьясы, өкілеттігі тоқтатылды) делдал Абдусаттаров арқылы жеті мың АҚШ доллары сомасындағы қаражатты иемденуге тырысты. Жоғарғы соттың экс-судьясы М. Жанғұттинов ақша алу кезінде ұсталған.

Сотта Тұрғынбаева өз кінәсін мойындады. Ол өзге біреу арқылы Жанғұттиновке пара ретінде ақша беріп жібергенін айтты. Бұл ақпаратты оның қызы да растады. Оның үстіне ақшаны апарып берген адамның қолхаты бар. Тергеу қорытындысы бойынша экс-судья 7 мың АҚШ долларын алғаны белгілі болды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Тұрғынбаеваны қылмысты ашуға және қылмысқа қатысқан өзге де адамдарды әшкерелеуге ықпал еткенін ескере отырып, оған да бес жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Сотталған екі азамат та өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылғы ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Жоғарғы Соттың судьясын ірі пара алу кезінде ұстағаны белгілі болды. Ақшаны оған Түркістан облысы аудандық сотының судьясы бір соттан екінші сотқа ауысу үшін берген. Ол судья да ұсталған еді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: