Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылшаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 100 қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 20:27 Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргізді.

Бизнес-процестерде және субсидиялау жүйесін нормативтік реттеуде, оның ішінде лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кең дискрециялық өкілеттіктерімен байланысты көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

  • субсидиялаудың ақпараттық жүйелері жетілдірілмеген, рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалмаған, олардың функционалында көптеген кемшіліктер анықталған, бұл деректер мен айла-шарғы жасауға мүмкіндік береді.

  • тиімді бақылау жүйесінің, сондай-ақ субсидияларды тиімсіз және мақсатсыз пайдаланғаны үшін әкімдіктер мен бейінді министрліктің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі болмауы жағдайды шиеленістіріліп отыр.

Мал шаруашылығы саласында «ИӨС» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары деректерімен айла-шарғы жасаудың көптеген фактілері анықталды: жануарлардың жасын, жынысын өз бетінше түзету, олардың сәйкестендіру нөмірлерін қайталау.

Осы және басқа да айла-шарғылар жоқ малды, белгіленген критерийлерге жатпайтын ауыл шаруашылығы жануарларын субсидиялау, сол бір мал басын екі рет субсидиялау, субсидияланған малдың сақталуын және мақсатсыз пайдаланылуын қамтамасыз етпеу үшін жүргізілді.

Мысалға, Түркістан облысында шаруашылықтардың біреуінде ғана төлді қолдан жасалды көбейту және субсидия алу үшін, ересек сиырлардың жасын бұзау жасына түзетудің 400-ден астам фактісі анықталды.

Жамбыл облысында мал шаруашылығы бөлімінің басшысы жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, ол үлестес шаруа қожалығы үшін, іс жүзінде сатып алынбаған малға 33 млн теңге субсидия алуды ұйымдастырды.

Инвестициялық субсидиялау саласында нормалардың қайшылығы мен екіұштылығына, инвестициялық субсидиялаудың әртүрлі паспорттары бойынша сатып алынатын ұқсас ауыл шаруашылығы техникасының құнындағы елеулі айырмашылыққа байланысты, көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Осының барлығы әкімдіктің жауапты тұлғасына өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жабдықтың бір бөлігі сәйкестік критерийлерін белгілемей және қандай да бір параметрлерді көрсетпей субсидияланады, бұл теріс пайдалану мен жымқыру үшін жағдай жасайды.

Жобалардың жекелеген паспорттары бойынша (35-тен 50%-ға дейін) жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үлесін ұлғайтудың жетілдірілмеген тетігі де лауазымды адамдарға өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, Ақтөбе облысында Ұлттық аграрлық ғылыми орталықтың (АШМ) қызметкерлері қатарынан қылмыстық топ әшкереленді, ол 3 жыл бойы үлестес кәсіпорындар арқылы жүздеген шаруа қожалықтарына (400-ден астам) күн панельдерін жоғары бағамен жеткізіп, олардың атынан өтінім беріп, субсидияны өзіне алды.

Сондай-ақ, ғылыми орталықтың қызметкерлеріне қатысты Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстары бойынша департаменттер және Агенттіктің орталық аппарат қылмыстық істер қозғады.

Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді талдау қорытындылары бойынша мынадай түйінді тұжырымдар жасалды:

  •  саланы ұзақ мерзімге дамытудың бірыңғай тұжырымдамасының болмауына байланысты, субсидиялау саясаты мен критерийлері үнемі өзгеріп отырады. Фермерлерге жұмысты ұзақ мерзімге жоспарлау қиынға соғады, олар шығынға ұшырайды;

  • көптеген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмейді, өйткені агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламалар соңғы он жылда, көбінесе, олардың тиімсіздігінің себептерін талдамай-ақ мерзімінен бұрын жойылуға қойылған;

  • субсидиялар алудың негізсіз көп бағыттары, түрлері, шарттары (12 бағыт, 50-ден астам субсидия түрі, олар, өз кезегінде, паспорттарға, өздерінің талаптары мен іріктеу критерийлері бар тармақтарға бөлінеді) фермерлер үшін басты әкімшілік кедергілер болып табылады;

  • ағымдағы жағдайдағы субсидиялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін қалыптастыру және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру міндеттерін шешпейді;

  • субсидиялаудың қолданыстағы жүйесі лауазымды тұлғаларды және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сыбайлас жемқорлық қылмыстарға «итермелейді», бюджетті әділетсіз және ұтымсыз бөлуге мүмкіндік береді (лауазымды тұлғалардың кең дискрециялық өкілеттіктері, ақпараттық жүйелердің жетілдірілмеуі, бақылаудың тиімді жүйесінің болмауы және лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі).

Талдау барысында анықталған барлық фактілер бойынша 100 қылмыстық іс қозғалды. Талдау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүйелік проблемаларды кешенді жою бойынша нақты шаралармен, 170-тен астам ұсыным енгізілді. АШМ жанынан Субсидиялау жүйесін, нормативтік-құқықтық базаны және ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: