Сұйытылған газды көтерме тасымалдаушыларға қатысты тексеру жұмыстары аяқталды

Президент тапсырмасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 21:40 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет Ақорданың «Борт №1» Telegram-арнасында жариялады.

Бұған дейін Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан Президенті Бас прокуратураға Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырған болатын.

  • Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды;

  • «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-не әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды (шешім күшіне енген жоқ);

  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «СП Қазгермұнай» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді;

  • «Petrosun» ЖШС мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді;

  • «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды;

  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр;

  • Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды;

  • Нарықтағы 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: