Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. «Антикор» 12 млн теңге сыйақы уәде етті

Іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 19:23 Сурет: gov.kz
Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген, делінген ресми хабарламада.

Айта кетелік, іздеу жарияланған күдікті ҚР ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің туысы болып табылады. Ол 6 маусымға дейін қамауға алынған.

Нұрлан Мәсімов 1973 жылы 22 шілдеде Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

  • Алматы облысы Қарасай аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі (2000-2003);

  • Алматы облысы Қарасай аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі (2003-2004);

  • Алматы облысы ІІББ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі аға жедел уәкілі, Экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі басқарманың аға жедел уәкілі (2004-2005);

  • Алматы облысы ІІД Алакөл аудандық ІІБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары (2005-2008);

  • Алматы облысы ІІД Алакөл аудандық ІІБ бастығы (2008-2010);

  • Алматы облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары (2010-2018);

  • Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары (2018-2019);

  • ҚР ІІМ жетінші департаментінің бастығы (05.2019-11.2019);

  • Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы (11.2019-17.01.2022).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: