Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 2020 жылы 13 наурызда тіркелді. 16 наурыздан 11 мамырға дейін елде төтенше жағдай режимі енгізілді: Қазақстанға кіруге, шығуға шектеу қойылды, адам көп жиналатын ірі нысандардың жұмысы тоқтатылды. Ал 5 шілдеде қатаң оқшаулау режимі енгізілді. Дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен әуежайлардан (тек ішкі рейстер үшін) басқа барлық нысан жабылды. 2020 жылы 13 шілде пандемия құрбандарын еске алу үшін Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 15 қарашадағы деректер бойынша, Қазақстанда коронавируспен 960 мыңнан астам адам ауырды, оның 12 мыңнан астым қайтыс болды. Коронавирусқа қарсы екпе тұрғындарға 2021 жылғы 11 ақпаннан бастап салына бастады. Қазірге дейін 7,6 миллионнан астам қазақстандық коронавирус вакцинасының екі дозасын алды. Азаматтар үшін "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V"), QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac, Sinopharm, Pfizer сынды вакциналардың алты түрі қолжетімді.
Плитка
Тізім