Twitter қолданушыларға құпиясөз ауыстыруға кеңес берді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 22:39 Baq.kz
Компания жеке мәліметтерді қорғау жүйесіндегі қателіктерді анықтаған.

Twitter мәліметтер сақтау жүйесінде орын алған қателік салдарынан микроблогтар желісінің барлық пайдаланушыға жүйеге кіру құпиясөзін өзгертуге кеңес берді. Бүл жөнінде компанияның ресми блогында мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Компания жеке мәліметтерді қорғау жүйесіндегі қателіктерді анықтаған. Алайда, ол қателіктің кері салдарының алдын алу шаралары қабылданғанын айтуда.

«Сіз твиттердегі өз аккаунтыңыз үшін құпиясөз орнатқан кезде біз оларды компанияда ешкім түсінбейтіндей етіп өзгертетін технологияларды қолданамыз. Жақында біз құпиясөздер ішкі журналда өзгертілмеген күйде сақталған қателікті анықтадық. Біз ол қатені түзеттік және зерттеу көрсеткендей, оның салдарынан қандай да бір парақшаға заңсыз кіру немесе бұзулар орын алған жоқ», - деп жазылған компания мәлімдемесінде.

Есеп жазбасының қауіпсіздігі мақсатында Twitter мен ұқсас қүпиясөз қолданылатын басқа да сервистердегі кіру құпиясөздерін өзгерту ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: