Түс ажыратуға арналған жанаспалы линзалар пайда болды
Түсті ажырата алмаушылық қауіпті ауру болмағанымен, жағымсыз аурудың түріне жатады. Оны емдеудің түрлі әдісі болғанымен, олардың бәрі электрониканы, немесе күрделі оптикалық құралдарды, арнайы көзілдірік, не болмаса, VR дулыға мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асады. Бірақ Бирмингем университетінің ғалымдарының тапқырлығының арқасында бәрі өзгере алады. Олар дальтониктерге түсті ажыратуға көмектесетін арзан жанаспалы линзаларды ойлап тапты, деп хабарлайды hi-news.ru.
Бирмингем университетінің ғалымдары жоғалған түстерді көру мүмкіндігін қайтару үшін белгілі бір ұзындықтағы жарық толқындарын жұтатын родаминдік туындыға негізделген арнайы бояумен түсті қабылдауды күшейту керек деп шешті. Бояу түрін жанаспалы линзаға жаққан кезде ол толқын диапазонын 545-тен 575 нанометрге дейін «бұғаттайды». Бұл орташа және ұзын толқындар арасында. Нәтижесінде, жасыл және қызыл түстер арасындағы контраст күшейеді, ол түсті ажырата алмаушылықтың ең көп таралған түрінің біреуінің түсіне әсер етеді.
Сондай-ақ, жаңа жанаспалы линзалар клиникалық сынақтан өтті. Зерттеу барысында екі топқа бөлінген адамдар ұсынылған заттардың түстерін, сонымен қатар айналасындағы нысандардың түсін атап беру керек болды. Нәтижесінде жанаспалы линза қолданған адамдар тобы бақылау тобымен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетті. Жанаспалы линза авторы Хэйдер Баттың айтуы бойынша.
"Біздің жанаспалы линзалар түсті ажырата алмауды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Біздің жүргізген жұмысымыз күрделі дайындықты қажет етпейді, ол адамның көзіне зиян келтірмейді, ал әдісті тек жанаспалы линзаларды өндіруде ғана емес, қарапайым көзілдіріктерді де жасау кезінде қолдануға болады".