Францияда сағатына 1200 км жылдамдықпен жүретін пойыз сынақтан өтпек
Канаданың TransPod компаниясы болашақтың Hyperloop технологиясының сынақ трекін орнату үшін Франциядағы шағын елді мекендердің бірін таңдады. Қондырғыны орнатудың құны 21 млн еуроны құрауы мүмкін, ол келер жылы басталуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі рекорд Францияның TGV пойызына тиесілі (574,8 км/сағ). Бұл рекорд Лимождан 50 шақырым жерде орналасқан Дру шағын елді мекенінде жаңартылуы мүмкін. 2015 жылы құрылған TransPod Франция билігіне өтініш беріп, сынақ алаңын салуға рұқсат алмақ.
«Лицензия қарашада мақұлдануы тиіс. Ал монтаждау жұмыстары 2019 жылғы қаңтарда басталады», - дейді TransPod компаниясының бас директоры Себастьян Гендрон.
Америкалық белгілі кәсіпкер Илон Маск қолдап отырған Hyperloop технологиясы жолаушы немесе жүк тасымалдауға арналған, сағатына 1200 км жылдамдықпен жүретін алып капсулаларды жасауға маманданған.