Түркіменстан компьютер шығарып, оны Қазақстанға сатпақ
Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкіметке Орталық Азия елдерін, оның ішінде Қазақстанды түркімен өндірісінің компьютерлерімен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды "Туркменистан сегодня" басылымы.
2018 жылдың қазан айында Түркіменстан бірнеше жетекші қытайлық компаниялармен бірлесіп, Түркімен жерінде компьютерлік техника шығару мақсатында "Агзыбирлик Тилсиматы" кәсіпорны құрылған.
Биылғы жылдың өзінде зауыт балаларға арналған 80 мың оқу компьютерлерін шығарып, олар президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың атынан елдегі бірінші сынып оқушыларына сыйға тартылды. Ол компьютерлерге орнатылған бағдарламада 198 түрлі жаттығу функциялары және түркімен, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасы бар.
Кәсіпорын сондай-ақ, қытайлық серіктестермен бірлесіп, ноутбуктер, планшеттер, моноблоктар, жеке компьютерлер мен серверлер шығарумен айналысады. Осы жылдың соңына дейін жеке компьютерлердің алғашқы партиясы шығарылады деп жоспарлануда.
Өнімнің алғашқы экспорты шамамен 3 мың компьютерді құрайды деп жоспарлануда. Ал кәсіпорынның жылдық қуаты шамамен 500 мың компьютерді құрайды.
Бірлескен кәсіпорын сонымен қатар бағдарламалық жасақтама және электронды құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлеу жолында Microsoft пен Intel сияқты ірі компаниялармен тығыз жұмыс істейді. Ол компаниялар қазірдің өзінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстандағы тұтынушыларға Түрікменстаннан компьютер сатып алу жөнінде ұсыныстар жасады.
Зауыт әу баста зауыт импортты алмастыруға бағытталған болатын. Алайда, Бердімұхамедовтың шешімімен екінші вектор пайда болды – брендті қайта экспорттау. Бұл дегеніміз – түркімен сауда маркасымен шығатын компьютерлер көрші елдерге де жеткізілетінін білдіреді, өйткені "Агзыбирлик Тилсиматы" - Орталық Азия аймағындағы компьютерлік техника шығаратын жалғыз зауыт. Сондықтан нарық кеңінен ашылады.
Алайда түркімен компьютерлерін көрші елдерге сату нақты қашан басталатыны белгісіз.