Коронавирус балалардың көбін есіркейді. Мына теориялар оның себебін түсіндіреді
География, жыныс пен мамандықтардың арасында жаңа коронавирус – ештеңе талғамайтын жұқпалы ауру. COVID-19 ерте анықталғанына қарамастан, вирусқа иммунитеті жақсармайтындай көрінетін балаларды қосқанда, жалпыға бірдей зақымдайтын көрінеді. Ауру былтыр қылаң бере бастаған Қытайдың соңғы көрсеткіштері 18 жастан төмен балалардың патогенді жұқтыру деңгейі ересектердікімен салыстыруға тұрарлық екенін алға тартады, деп жазады nationalgeographic.kz.
Бірақ, мейірімділіктің жұмбақ шындығы оны жұқтырған балалардың ауыр науқастану ықтималдығының азырақ екені көрсетеді. 90 проценттен астам педиатриялық жағдайда ауру орташа, жеңіл не еш симптомсыз өткен. Мұндай жастық шымырлылық бұдан алдын желшешек секілді инфекциялық аурулардан байқалған.
Осы тұста, пандемияға айналған SARS-CoV-2 вирусына скринингтен өткендердің көбі – ауру симптомдары байқалғандар. Симптомдары жеңіл не байқалмағандар тексерусіз қалуда. Жаһандық тестілеу әрекеттері көбейген сайын балаларда тіркелген аурудың ауыр деңгейі әлі де өзгеруі мүмкін.
24 наурызда Лос-Анджелес округінің қоғамдық денсаулық сақтау өкілдері жасөспірімнің өлімін хабарлады. Бұл АҚШ-тағы коронавируспен байланысты алғашқы кәмелетке толмаған азаматтың өлімі саналады. Инфекциялық ауруды зерттеуші және Гарвардтық қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің дәрігері және Жаңа Англия медициналық журналының бас редакторы Эрик Рубиннің айтуынша, әлі де болса, алдыңғы тестілеу нәтижелері бізге "балалар азырақ жұқтыратын секілді" екенін айтады.
Осыған ұқсас жағдай SARS пен MERS шарпыған кезде де байқалған. Коронавирустардың себебінен пайда болатын бұл екі ауыр тыныс алу жолдары ауруларының негізінен балаларды қатты аяйтындай байқалған. Ғалымдар мен дәрігерлердің жаңа вирус пен оған иммундық жүйенің қорғанысы туралы әлі үйренерлері көп. Алайда, SARS-CoV-2-нің неліктен балаларда жеңіл өтетінін анықтау мамандарға аурудың тарауының алдын алудың жаңа жолдарын табуға көмектесе алар еді.
"Вирусқа соққы берудің бірден-бір жолы - оның биологиясын түсіну және оған [ағзамыздың] қалай жауап беретінін шынайы түсінуді білдіреді, – дейді Гонг Конгтағы Қытай университетінің педиатриялық пульмонологы және COVID-19-дың балаларда таралуын зерттейтін жаңа зерттеудің авторы Гари Уинг Кин Вон, – Сол кезде, біз оны барлық деңгейінде ауыздықтай аламыз".
Иммундық жүйенің нәзік тепе-теңдігі
Барлық инфекциялық аурулар денеде қатерлі микробтар мен иммундық молекулалардың зор әскерімен биологиялық соғыс жүргізеді. Мінсіз жағдайда, иммундық жүйе сау адам жасушаларына аса зақым келтірместен, патогендерді денеден қуып шығады. Алайда, көптеген факторлар бұл нәзік тепе-теңдікті бұзуы мүмкін. Әлсіз немесе тозған иммундық жүйе қажетінше төтеп бере алмай, инвазивті микробтардың хаос орнатуына мүмкіндік береді. Кей жағдайда, тым белсенді иммундық жүйе патогендерге қарағанда көбірек зиян келтіруі мүмкін.
Рубиннің айтуынша, ересектер COVID-19-дың әсерін балаларға қарағанда ауырлау өткереді, себебі, олардың иммундық жүйесі жеткіліксіз бен тым қатты реакцияның орта тұсын таба алмайды.
Осы күнге дейінгі егде кісілердің иммундық жүйесі әлсірей бастағандықтан, COVID-19-дан орын алған өлімнің басым бөлігі оларға тән. Балаларға қарағанда, ересектер көбіне диабет не жүрек ауруы секілді негізгі жағдайлардан да зардап шегеді. Бұл олардың тәнінің аурумен күресу қабілетін әлсіретеді.
Вонның айтуынша, қартайып жатқан дене "15 жыл айдалып, тозығы жеткен көлік" секілді. "Жаулаушы келіп, оның бұзылуын тездетуі мүмкін".
Аса жетілмеген иммундық жүйелерге де қауіп төніп тұр, себебі, олар көптеген патогендерге қарсы жауап жасап үлгерген жоқ. Сәбилер арасында COVID-19 жағдайлары әртүрлі болғанымен, Қытайда 2143 ауруға шалдыққан балаға жасалған зерттеу (18 жасқа толмаған) ауыр не қиын жағдайлардың көбі бес жасқа дейінгілерде байқалған.
Бірақ, біраз есейген соң балалардың иммундық жүйесі қажетті статусқа жетіп, инфекциямен қатты реакцияға түспестен, оны тізгіндеп ұстай алатын болады. Ересектердегі COVID-19-дың ең сұмдық жағдайлары гипербелсенді иммундық реакциядан туындайтын көрінеді. Ол инфекция жұқтырған жасушалардың сау жасушаларды жоюымен тәмамдалады. Бұл балаларда сирек кездесуі мүмкін. Вон бұл кедергісіз шабуылдарды үйге ұрлыққа түскен екі ұрыға бүтіндей танкі батальонын жібергенмен тең екенін айтады. "Соңында, сіз бүкіл ауылды жоясыз".
Алдын-ала жұқтыру көмектеседі не залалын тигізеді
SARS-CoV-2 – адамға жұғатын жеті коронавирустың бірі. Қалғандарының арасындағы SARS пен MERS-ке жауапты екеуі де өлімге апарып соқтыруы мүмкін. Қалғандары салыстырмалы түрде жеңілдеу, көп жағдайда жалпы суық тиюге апарып соғуы мүмкін.
Мельбурндегі Питер Доэрти инфекция және иммунология институтының вирусолог және педиатриялық инфекциялық аурулар дәрігері Канта Суббарао жеңілдеу коронавирусқа алдын ала шалдығу COVID-19 жайттарында ересектермен салыстырғанда балалар арасындағы маңызы рөл ойнауы мүмкін. Мектеп ауласындағы ортада балалар тұрақты түрде мұндай ұсақ-тұйек патогендерге антиденелер бөлетіндіктен, сол антиденелер жаңа коронавируспен күресте де жан-жантылық танытуы мүмкін.
Дегенмен, алдыңғы тәжірибе коронавируспен күресте үнемі дұрыс болмауы мүмкін. Патоген денеге шабуылдағанда, антиденелер дәл сол микробтың бірегей қасиеттерін байқап, оған жабысып, оны жоятын ақ қан жасушасының аранына жібергенге дейін қарусыздандырады. Егер антиденелер вирустарға мінсіз сәйкес келсе, бұл әдіс аса тиімді. Бірақ, егер бұл патогендер вирусты жартылай ғана таныса, олар оны жұмыстан шығара алмауы мүмкін. Содан соң, вирус оны тұтынатын ақ қан жасушасына жұғып, аурудың таралуын жеделдетуі мүмкін.
Бұл иммундық жүйе байқаусызда вирусқа сау жасушаларды зақымдауға жәрдемдесетін Троя жылқысы тектес феномен антиденеге тәуелді инфекцияның күшеюі (АТИК) деп аталады. Бұл процесс денге вирусы және Зика вирусынан байқалған. Алдыңғы бірнеше зерттеуде коронавирустың да солардың кебін киюі мүмкін екені айтылған.
Егер солай болса, АТИК инфекция түссе, иммундық жүйесі қатты күшейетін ересектер үшін жаңа коронавирустың неге аса қатерлі екенін түсіндіруге көмектеседі. Алайда, маманның айтуынша, бұл үрдістің дәлелі анық емес. Рубиннің айтуынша, оған қоса, SARS-CoV-2-нің әдетте, вирустар осы әдісті қолданып нысанаға алатын басты суб-топ – ақ қан жансушаларын зақымдауға икемділігі жоқ сияқты.
COVID-19-дың таралуындағы негізгі протеин
Жаңа коронавирус нысанаға алатын жасушаларды жақындату арқылы ғалымдар аурудың неге ересектерге көбірек зардап шектіретінінің басқа теориясына қол жеткізді. Оның бауыры SARS-CoV-1 (SARS-ты қоздыратын) секілді, SARS-CoV-2 ACE2 атты протеинді ұрлау арқылы инфекцияға серпін береді. Ол протеин денедегі жасушалардың бетінен табылады, бірақ, әсіресе, өкпе мен аш ішекте кездеседі.
Кей ғалымдар балалардың өкпесінің азырақ, тіпті, өзгеше пішінде ACE2 протеиндерін бөлетінін болжаған. Егер бұл рас болса, балалардағы бұл дамудың ғажабы оп-оңай жасушаны зақымдап, көбеймек болған вирустың көзін жоя алар еді.
Біраз, Чапель Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің эпидемиологы және коронавирусқа маманданған вирусолог Рейчел Граамның айтуынша, коронавирустарға жасушаға ену үшін көп ACE2 керек емес, оған қоса, протеиннің аздығы үнемі жақсы бола бермейді. ACE2-нің көп қызметтерінің біріне тіннің жойылуына үлесін қосатын ферментті істен шығару арқылы біздің тыныс алу жолдарымызға шабуылдайтын вирустарға қарсы қорғанысты күшейту кіреді. Кемігіштерді зерттеу де ACE2 деңгейінің жас ұлғая азаятынын көрсетеді. Бұл егде адамдардың тыныс жолдары ауруларымен күресу қабілетін төмендетеді.
Алғашқы күндері
Ғалымдар бұл теориялардың қайсысының балалардың COVID-19-ға шымырлылығын түсіндіретінін айтуға нақты дәлелі жоқ.
"Меніңше, бұл ашық ойын алаңы, – дейді Рубин, – Біз тек білмейміз".
Адамның генетикасы, жергілікті қоршаған орта, дәрі-дәрмек және басқа жасқа қатысы жоқ көптеген факторлар жағдайды күрделендіре түседі.
"Бұл факторлардың әрқайсысы соңғы нәтижеге жауапты болуы мүмкін, – дейді Вон, – Биологиялық жүйені анықтауға уақыт кетеді".
Алайда, солай жасау пандемияны, бәлкім, алда қайта пайда болуын тізгіндеу үшін маңызды болмақ.
"Бұл ауыр ауру тудырған жануар коронавирусының адамдардағы үшінші мысалы, – дейді Суббарао, – Болашаққа жақсырақ дайындалу үшін біздің мұны ұғынғанымыз өте маңызды". Әзірге біз: "Балалардың ауыр ауырмайтыны (көбіне) туралы ақпаратпен жанымызды жұбата аламыз. Бұл ата-аналарға тыныштық сыйлайды", – дейді ол.
Дегенмен, Суббарао мен басқа мамандар жеңіл немесе ешқандай симптомы байқалмайтын жандар да вирусты тарата алатынын ескертеді. Вонның айтуынша, бұл балаларға ауыр аурудан көз жұмарлықтай қатерлі болмауы мүмкін, бірақ, "олар пандемияны таратуда маңызды фактор болуы мүмкін".
Граам ата-аналардың балаларын ақпараттандырып, олардың гигиенаны дұрыстап сақтауға итермелеуі керегін айтады. Мектептер мен бала-бақшаларды жабу көбейген сайын, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы азаяды, бірақ, тіпті, балалардың ата-әжесі секілді осал топтағы сүйіктілерімен қатынасын шектеу одан да маңыздырақ.
Бұл мінез-құлыққа қатысты өзгерістер оңай болмағанмен, балаларды солай етуге ынталандыруға болады. Берклидегі Калифорния университетінің Greater Good Science Center орталығының даму психологы және балалар тәрбиесі бағдарламасының директоры Мариям Абдулланың айтуынша, балалардың "жанашырлыққа деген ішкі инстинкті бар".
"Апаттар адамдардың теріс пиғылын сыртқа шығарады деген пікір жалған. Уақыт өткен сайын біз қолдау көрсетіп, жәрдемдескісі келетін балаларға куә болудамыз. Біздің қазір және мәңгі сақтап қалуымыз керек дүние – осы".