Ғалымдар адам бойындағы күйзелісті бірден анықтайтын видео ойындар жасап шықты
Сурет: pixabay
Видео ойындардағы бағдарламалық жасақтама дауысты, бейнені, беттегі микро өзгерістерді, сонымен қатар мінез-құлық көрсеткіштерін, оның ішінде реакция таныту уақытын, жады мен қате жиілігін талдайды, деп хабарлайды Zakon.kz
Видео ойындарды жасау үшін жасанды интеллект технологиялары қолданылды, деп хабарлайды Sky News.
Бағдарлама заңдылықтарды ашатын нейропсихологиялық негізі бар қарапайым видео ойындарды ұсынады.
Доктор Эмилия Молимпакистің айтуынша, дәрігерлер үшін қолданыстағы жүйелер жетілмеген, олар субъективті сауалнамалардан тұрады.
Біз дәрігерлерге тезірек дұрыс диагноз қоюға көмектесеміз деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта бұл жылдарға созылады, міне біз осы кезеңді бір аптаға дейін қысқартқымыз келеді. Эмилия Молимпакис
Мұндай видео ойындар Лондон университеті колледжінің 2000-ға жуық науқасына ұсынылды. Клиникалық сынақтар 2022 жылы басталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript