Интернет жұмысында туындаған уақытша қиындықтардың себебі аталды
Сурет: pixabay
26 наурызда таңертең қазақстандықтар интернет жұмысындағы ақауларға шағымданды. Осыған байланысты "Қазақтелеком" АҚ түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания тұтынушыларының Интернетке қолжетімділігіндегі уақытша қиындықтар желідегі алгоритмдердің бұзылуымен байланысты орын алды. Біздің мамандар қысқа уақытта туындаған жағдайды жедел анықтап, жою үшін барлық мүмкіндікті игерді. "Қазақтелеком" АҚ коммуникация департаментінің директоры Сара Бәкірова
Компаниядағылар "қазіргі уақытта "Қазақтелеком" тұтынушылары үшін қызметтер толық көлемде қолжетімді" деп сендіреді.
Сондай-ақ, компания "абоненттерге төзімділік пен түсіністік танытқандары үшін" алғыс білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript