"Яндекс" сайтының ашылмай қалуына байланысты компания түсініктеме берді
Домен де, "Яндекстің" барлық қызметтері де пайдаланушылар үшін қолжетімді, деп жазады ТАСС компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін хабарланғандай, 9 тамызда Қазақстандағы интернет пайдаланушылардың көпшілігі Yandex.kz сайтын аша алмаған.
ҚР Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі бұл шектеу Қазақстан Республикасының территориясынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурсты орналастырумен байланысты екенін мәлімдеді.
Министрлік "Яндекс" ААҚ-ға компания пайдаланатын деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері және ҚР азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары, сондай-ақ "Яндекстің" құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары туралы толық ақпарат беруді талап ете отырып, сауал жолданғанын да нақтылады.