Кемемен демалуға аттанған жүзге жуық америкалық карантинге жабылды

Кеме, Royal Caribbean, америкалық туристер, карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2025 12:49 Сурет: pixabay
Royal Caribbean кемесінде 100-ге жуық адам асқазан-ішек инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS-тің хабарлауынша, кеме 1 ақпанда Флоридадағы порттан аттанып, Мексикада, Гондураста және Белизде тоқтаған. Борттағы 2 164 адамның 89-ы өзін нашар сезінуіне норовирусты жұқтыруы түрткі болуы мүмкін деп болжануда.

Кемелерді санитарлық зарасыздандыру бағдарламасының (CDC) ақпаратына сәйкес, дәл осы типтегі кемелерде диарея ауруының 90%-дан астамын тудыратын "круиздік кеме вирусы" деп аталатын норовирус кеңінен етек алған.

Қазіргі уақытта ауыруға шалдыққан жолаушылар мен лайнер экипажы оқшауланған және портқа келгенге дейін олар карантинде болады. Сондай-ақ, CDC атап өткендей,  бөлмелерді дезинфекциялаудың қосымша шаралары қабылданды, одан әрі анализге қан алынады. 

"Біздің барлық қонақтарымыз бен экипаж мүшелеріміздің денсаулығы мен жайлылығын қорғау үшін бортта сақтық шаралары күшейтілді", – деді Royal Caribbean Group өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда балалардың жаппай улану дерегінен кейін мектептегі тамақтану тәртібіне қандай өзгерістер енгізілетіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: