Жер жүзіндегі тарихи нысандардың интерактивті картасы жинақталды

Жер жүзіндегі тарихи нысандардың интерактивті картасы жинақталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 13:17 Сурет: thecastlemap
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қамалдар, бекіністер мен сарайлар енгізілген Castlemap атты интерактивті карта іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Картада 141 елдің 6903 тарихи нысаны қамтылған. Әр нысан бойынша фотосуреттер, қысқаша тарихы мен салынған ғасыры туралы мәлімет берілген.

Жер жүзіндегі тарихи нысандардың интерактивті картасы жинақталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 13:17

Сурет: thecastlemap

Сайтта ең танымал тарихи орындардың рейтингі де жарияланған. Тізім нысан туралы мақалалардың қанша тілде жазылғанына және олардың қанша рет қаралғанына қарай жасалған.

Үздік үштікке енгендер:

  • Версаль сарайы;
  • Афина акрополі;
  • Тыйым салынған қала.

Ресейдегі тарихи нысандар да картада кеңінен ұсынылған. Олардың ішінде рейтингтің көшін Кремль бастап тұр.

Жер жүзіндегі тарихи нысандардың интерактивті картасы жинақталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 13:17

Сурет: thecastlemap

Ал әзірге бұл рейтингте Қазақстаннан бірде-бір тарихи нысан жоқ.

Бұған дейін еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: