Nur Otan партиясының атауы ресми түрде AMANAT болып өзгерді
Фото: nurotan.kz
Nur Otan партиясын мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы AMANAT партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді, - делінген хабарламада.
AMANAT партиясында атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сонымен қатар партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript