Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережелері бекітілді

Қауіпті қалдық, ҚР Үкіметінің қаулысы, Базель конвенциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 17:32 Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен қауіпті және өзге де қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, қауіпті қалдықтарды одан әрі қалпына келтіру мақсатында ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету туралы мемлекеттік орган берген лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Қауіпті қалдықтарды әкелу, экспорттау, транзиттеу Базель конвенциясы мен бірыңғай тізімге сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан (бүкіл аумағынан) әкету (транзиттеу) жағдайында қалдықтарды әкелетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша келісімі болуы қажет.

Қаулы 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: