Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрқан Сәдуақасов Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Нұрқан Сәдуақасов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 19:04 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Нұрқан Сәдуақасовтың жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Нұрқан Сәдуақасов 1971 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

Нұрқан Сәдуақасовтың еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы Атбасар қаласында Атбасар аудандық СЭС санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып бастады.

1999-2000 жылдары — Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері. 2000 жылы Ақмола облысының СЭС бас дәрігерінің санитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті.

2001-2009 жылдары Көліктегі Ақмола аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.

2009-2014 жылдары — ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқармасының басшысы, төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

2014-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің техникалық регламенттер талаптары мен санитариялық шаралардың сақталуын бақылау басқармасының басшысы.

2017-2019 жылдары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары — ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2

020 жылдан бастап қазірге дейін — ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: