Жаңалықтар тізбегі
0

Аймағамбетов Павлодардағы мектепте болған ірі өрт туралы: Бұл бірінші жағдай емес

Павлодар, мектеп, өрт, ҚР Білім және ғылым министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 12:34 Сурет: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 21 сәуір күні таңертең Павлодардағы №28 жалпы білім беретін мектепте болған ірі өртке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кету керек, бұл бірінші рет емес. Сондықтан барлық білім беру ұйымдарын толық тексеруді тапсырдым, себебі өрттің алдын алу шаралары сақталуы тиіс. Мектеп пайдалануға берілген кезде, жөндеуден кейін және жаңа оқу жылы басталғанға дейін өртке қарсы қызметтердің актілері болуы керек. Мұндай анықтамалар мен актілері болды деп ойлаймын, енді бұл өртке не себеп болғанын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Ол өрттен зардап шеккен мұғалім туралы да айтты.

Мендегі мәлімет бойынша, өртке байланысты психологиялық соққы алған мұғалімнен басқа, осы жағдайға байланысты күйік шалған немесе жарақат алғандар жоқ. Әлгі мұғалімге психологиялық көмек көрсетіледі. Асхат Аймағамбетов

«Оқушылар енді қайда оқиды?» деген сауалға Білім және ғылым министрлігінің басшысы мектеп ғимараты тексерілетінін, оқу уақытша қашықтан өтетінін айтты.

Енді ғимараттың өзі тексерілетін болады. Толық. Тиісті қызметтер бұл сымнан болды ма, әлде басқа себептер ме, соны қарайды. Егер одан әрі білім алуға қауіп жоқ екені анықталса, балалар оқуын жалғастыра алады. Қысқа уақыт ішінде оларды қашықтан оқытуға болады. Егер бұл ғимарат жарамсыз болып шықса, әкімдік бұл балалардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жақындығы және т.б. ескере отырып, басқа ұйымдарда оқуын жалғастыруы үшін шаралар қабылдайды. Асхат Аймағамбетов

Бұған дейін Павлодарда №28 мектептің өртеніп жатқанын хабарлаған едік. Өрт төртқабатты мектептің екінші қабатынан (шатырдан) шыққан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: