Соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай жәрдемақы төленді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлы Отан соғысында Жеңіске үлес қосқан ҰОС ардагерлері мен басқа да санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда 381 соғыс ардагері және Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске жетуге үлес қосқан 97 758 азамат тұрып жатыр. жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды.
Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар азаматтардың келесі санаттарына 5,4 млрд теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр. Барлық өңірлерде соғысқа қатысушылар мен мүгедектері үшін біржолғы материалдық көмек кемінде 1 млн теңге (Ақтөбе облысында – 2 млн теңге) көлемінде көрсетілетін болады. Концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – кемінде 100 мың теңге. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – кемінде 60 мың теңге. Соғыста қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне – кемінде 30 мың теңгеҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев
Вице-министр сондай-ақ, бүгінгі таңда ҰОС ардагерлеріне төлемдер барлық өңірлерде жүргізілгенін атап өтті. Қалған санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript