Қазақстандағы Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне қанша теңге төленетіні белгілі болды

Оның айтуынша, биыл Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңгеге біржолғы материалдық көмек төленді. ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Вице-министр биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 105 ардагері, сондай-ақ ҰОС Жеңісіне үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын айтты.
Олардың ішінде:
- Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 64 адам;
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 129 адам;
- ҰОС кезінде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 1 638 адам;
- ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам;
- тыл еңбеккерлері – 38 874 адам.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңгені, ал ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері алатын орташа жиынтық мөлшері 179 800 теңгені құрайды.
"Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде – 5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті", – деді Олжас Анафин.
ҰОС Жеңісіне үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттарына 9 мамырға дейін келесідей мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:
- Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60-тан 200 мың теңгеге дейін (64 адам);
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 98-ден 200 мың теңгеге дейін (129 адам);
- мүгедектігі бар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына – 50-ден 150 мың теңгеге дейін (1638 адам);
- ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне – 50 мың теңге (2 адам);
- тыл еңбеккерлеріне – 50-ден 200 мың теңгеге дейін (38 874 адам).
Сонымен бірге жергілікті бюджет қаражаты есебінен биыл әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылатын болады, оның ішінде:
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді өтеуге (2,6 млрд теңгеге 193 749 адам);
- тұрғын үйді жөндеуге көмек (21,5 млн теңгеге 61 адам);
- отын сатып алу үшін (14,5 млн теңгеге 342 адам);
- қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (4,1 млрд теңгеге 209 837 адам);
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша (48,5 млн теңгеге 2 856 адам);
- тіс протездеуге (441,9 млн теңгеге 3 456 адам);
- азық-түлік жиынтығы (103,9 млн теңгеге 9 551 адам).
ҰОС ардагерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан басқа да санаттарға жататын азаматтарға Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне мерейтойлық медальдар табыс етілді.