Қазақстандағы ұрыс қимылдары ардагерлеріне берілетін жеңілдіктер мен төлемдер: нені білу маңызды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 13:20 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕҚМ) бүгін, 2025 жылғы 2 маусымда соғыс ардагерлеріне қандай қолдау шаралары қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Құралай Төлеубаева атап өткендей, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері болып мыналар танылады:

  • Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар;
  • Тәжік-Ауған шекарасында ТМД шекарасын қорғау бойынша тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер;
  • Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына қатысушылар;
  • Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысушылар.

Сондай-ақ, Ауғанстанда қызмет өткеру барысында жарақат, контузия немесе зақым алу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер ретінде танылған.

"Осы санаттағы азаматтарға республикалық және жергілікті деңгейде қандай қолдау шаралары қарастырылғаны жайлы "Білу маңызды" жобасының жаңа шығарылымында айтатын боламыз." Құралай Төлеубаева

Оның айтуынша, мәслихаттар мен ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде жол жүруге, емделуге, материалдық көмек көрсетуге және т.б. жәрдемақылар түріндегі әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілей алады.

"Жыл сайын әкімдіктер соғыс ардагерлеріне есте қаларлық даталарға орта есеппен 200 мың теңгеге дейін бір реттік әлеуметтік көмек көрсетеді". Құралай Төлеубаева

Сонымен қатар, спикер атап өткендей, жекелеген өңірлерде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында басқа да көмек түрлері көрсетіледі, соның ішінде:

  • қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру,
  • курорттық емдеуді қамтамасыз ету,
  • коммуналдық төлемдерді өтеу.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: