Асылов заңсыз алынған қаражаттарды өндіріп алу бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2022 11:21 Сурет: Берік Асылов/sko.prokuror.gov.kz
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Қазақстан халқына Жолдауына қатысты ҚР Бас прокуроры пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша тәркіленген мүлікті мектеп салу үшін пайдалануға жолданатынын атап өтті. 2019 жылдан бастап тергеумен аяқталған сыбайлас жемқорлық істер бойынша залал сомасы 29 млрд-қа жеткен, деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ бас прокурор бұл бағытта прокурорларға заңсыз алынған қаражат пен мүлікті өндіріп алу бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырғанын жеткізді.

Үкіметпен бірлесіп Президент бастамаларын іске асыратын боламыз, - дейді Бас прокурор.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: