Қазақстандағы қалалық автобустардың жартысына жуығы ауыстыруды қажет етеді
![Автобус, қоғамдық көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 22:29](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3f4b1af1-ecac-4576-a63e-584ddd8bb04a/800x450.webp)
Қазақстандағы қалалық автобустардың 50%-ке жуығы, яғни 5 мыңнан астым көлік ауыстыруды қажет етеді. Бұл туралы Amanat партиясы жанындағы Көлік және логистика комитетінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов "Астана" телеарнасына кейінгі төрт жылда республикалық бюджеттен 80 млрд теңге бөлінгенін айтқан.
"Биыл 30 млрд теңге көлемінде қаражат бөліп, бастапқы жарнасыз 7 жылға дейінгі қарыз мерзімі бар автобустарды сатып алу үшін жаңа лизингтік бағдарлама қолданылады. Сонымен бірге D санатындағы куәлікті алуды жеңілдету мәселесі пысықталды. Атап айтқанда, жас талабы 25 жастан 23 жасқа дейін, жүргізуші өтілі 5 жылдан үш жылға дейін және D1 санаты бойынша 3 жылдан 1 жылға дейін төмендетіледі деп жоспарланып отыр" Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript