Елімізде Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы стипендия төленетін болды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы төленетін ай сайынғы стипендияның мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Степендия мөлшері 60 АЕК (2023 жылы 207 000 теңге) болады.
Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
- еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
- ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
- Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан
- Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
- екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуытуралы банк анықтамасы.
Стипендия төлеу:
- ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
- ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған;
- ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
- Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
Қаулы 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript