Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқығын қорғайтын уәкіл тағайындалатын болды

Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл, Еңбек министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 13:09 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" қаулы әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәкілдің негізгі мақсаттары – халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарымен өзара іс-қимылда олардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын халық санаттарының тізбесіне мыналар:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • қандастар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар жатады.

Құжат 27 қаңтарға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: