Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаражат бөліне ме

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы, автонесие, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 14:03 Сурет: freepik
Үкімет кулуарында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаражат бөлу жоспарланған ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер өткен жылдың тамыз айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша ақша бөлу мүмкіндігін қарастыруы мүмкін екенін айтқанын еске салды. Осы орайда БАҚ өкілдері "Бұл бағдарлама халық ішінде көп сұранысқа ие болғандықтан қосымша қаржы бөліне ме?" деп сұрады.

"Әзірге қосымша өтінімдер түскен жоқ, бірақ бұл ретте автонесиеден басқа өте әлеуметтік маңызы бар жобалар бар екенін айта кетейін". Ерұлан Жамаубаев

Ал "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров Қор автонесие алуға ниет білдіргендердің саны туралы анықтама дайындап жатқанын айтты.

"Ол анықтама үкіметке беріледі. Біз осы бағдарлама бойынша ақшаға жалпы қажеттілікті көрсетеміз... Біз Қор ретінде үкіметке сұрақ қоя алмаймыз, оларға анықтама береміз. Біз олар қарап, қажеттілікті бағалайтын ақпарат береміз". Ринат Ғаппаров

2023 жылғы 6 ақпан күні сағат 10:00-де Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. 18 секундта жеңіл автокөлікке берілген несие игерілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: