Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету 2,5 есеге артқан - Оқу-ағарту министрі

Мектептерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету 2,5 есеге артқан - Оқу-ағарту министрі Сурет: primeminister.kz
Үкіметте Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру тақырыбында отырыс өтіп жатыр. Отырысқа қатысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдегі мектептердің қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда қазір мектептерді:

  • бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету – 2,5 есеге (2020 ж. – 2772, ал 2023 ж. – 6933);
  • жедел басқару орталықтарына қосылу – 11 есеге (2020 ж. – 500, ал 2023 ж. – 5 986);
  • лицензияланған күзетпен қамту – 7 есеге (2020 ж. – 275, 2023 ж. – 1 919);
  • дабыл түймесін орнату – 21 есеге артқан (2020 ж. – 115, 2023 ж. – 2 408).
Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100% қамтылған. Әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмысын жүргізіп жатыр. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошағы қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған. Дегенмен бұл жұмысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірлер 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет", - деді Оқу-ағарту министрі.

Министрдің өзінше, бүгінде мониторингтік топ 10 мыңнан аса білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуығын қамтыды. Жұмыс наурыз айының соңына дейін аяқталып, нәтижесі министрліктің алқалы отырысында қаралады.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз