Жаңалықтар тізбегі
0

1 шілдеден бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Жедел жәрдем көлігін жүргізушілердің жалақысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 15:46 Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ, 2023 жылғы 1 шілдеден басьап жедел жәрдем жүргізушілері жұмыстарының кеңейтілген сипаттамасын ескере отырып, оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% (35 394 теңге) мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеу ұсынылып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады, бұл ереуілдерге алып келуде (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында).

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынды.

Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған қаражатқа қосымша қажеттілік 11 096 жүргізушіге 13 369 миллион теңге екенін есептеді:

  • 2023 жыл (1 шілдеден бастап) барлығы 2 602,6 млн теңге: ДСМ – 2 588,8 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 0,8 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 13,0 млн еңге (165 шт.бірлік);
  • 2024 жыл – барлығы 5 327,7 млн теңге: ДСМ – 5 247,1 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 1,4 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 79,2 млн теңге (165 шт.бірлік);
  • 2025 жыл – барлығы 5 438,7 млн теңге:ДСМ– 5 356,3 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 1,5 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 80,9 млн теңге (165 шт.бірлік).

Денсаулық сақтау министрлігі бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық көмек жүргізушілерінің жалақысын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Құжат 28 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: