Тимур Каленов Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды
Сурет: Facebook/Тимур Каленов
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығымен Тимур Әлібекұлы Каленов Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимур Каленов 1986 жылы дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында "Құқықтану" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.
- 2008 жылдан 2015 жылға дейін жеке және квази-мемлекеттік секторларда заңгер лауазымында және заң бөлімшелерінде басшы болып жұмыс істеді.
- 2015-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша бас маманынан бастап Департамент басшысының орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
- 2021 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу департаменті директорының орынбасары.
- 2023 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript